Tyler, the Creator
| Tyler, the Creator ағылш. Tyler, the Creator | |
| Тайлер, 2025 жыл | |
| Негізгі ақпарат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі |
Тайлер Грегори Оконма |
| Толық аты |
ағылш. Tyler Gregory Okonma |
| Туған күні | |
| Туған жері | |
| Белсенділік жылдары |
2007–қазіргі уақыт |
| Мемлекет | |
| Мамандықтары |
рэпер, әнші, композитор, музыкалық продюсер, режиссер, сән дизайнері, актер |
| Аспаптары |
вокал, фортепиано, пернетақталық аспаптар |
| Жанрлары |
альтернативті хип-хоп, нео-соул, вест-кост хип-хоп, джаз-рэп, хардкор хип-хоп, хорроркор |
| Лақап аттары |
Tyler Haley, Wolf Haley, Bunnyhop, Poly/Mono, Felicia the goat, Ace the Creator, ThrashPolo, Young Nigga, DJ Stank Daddy |
| Ұжымдары |
Odd Future, I Smell Panties |
| Лейблдері |
Columbia, Odd Future, Sony, RED, XL |
| Марапаттары | |
| Ресми сайты | |
Тайлер Грегори Оконма (ағылш. Tyler Gregory Okonma; 6 наурыз 1991, Хоторн, Калифорния, АҚШ), көбінесе Tyler, the Creator лақап атымен белгілі — америкалық хип-хоп орындаушы және музыкалық продюсер. Ол өзінің эклектикалық шығармашылығының арқасында өз буынының бұқаралық мәдениетіндегі ең ықпалды тұлғаларының бірі болып табылады. Рэпердің ертеректегі релиздері хорроркордан шабыт алған күңгірт дыбысқа ие болды, алайда кейін музыкант джаз бен соулдың әсерімен неғұрлым жеңіл музыка шығара бастады.
Оконма 2000 жылдардың соңында Odd Future музыкалық ұжымының көшбасшысы ретінде кеңінен танылды. Тайлер 2009 жылы өз ресми дебюттік Bastard альбомын шығарып, хорроркордан шабыт алған ауыр дыбысталуының, сондай-ақ қатал, трансгрессивті лирикалық мазмұнының арқасында музыкалық баспасөздің назарын бірден өзіне аударды. Оның екінші пластинкасы Goblin (2011) «Yonkers» синглының танымалдығы арқасында мейнстримде танымал болуға мүмкіндік берді.
Өзінің екінші Wolf (2013) альбомынан бастап, рэпер хорроркордан алшақтап, барынша альтернативті дыбысталуға бет бұрды. Мәселен, оның үшінші пластинкасы Cherry Bomb (2015) көбірек мелодиялық және джаздық дыбыстарды қамтыды, бұл музыканттың кейінгі дискографиясында да сақталды. Тайлердің кейінгі жұмыстары, соның ішінде Flower Boy (2017), Igor (2019) және Call Me If You Get Lost (2021), сыныпкерлердің оң бағасына ие болды, ал соңғы екеуі америкалық Billboard 200 чартында бірінші орыннан дебют жасады және сәйкесінше 62-ші және 64-ші «Грэмми» марапаттау рәсімдерінде үздік рэп-альбом деп танылды. 2024 жылдың 28 қазанында Chromakopia пластинкасы жарық көрді, ал бір жылға жетпей жатып, 2025 жылдың 21 шілдесінде Don’t Tap the Glass альбомы шықты.
Музыкалық мансабынан бөлек, Оконма өзінің Golf Wang және Le Fleur киім брендтерімен, сондай-ақ Lacoste, Converse және Louis Vuitton компанияларымен ынтымақтастығы арқасында танымал. Тайлер — 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан Camp Flog Gnaw Carnival музыкалық фестивалінің негізін қалаушы.
Ерте өмірі және білімі
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Тайлер Грегори Оконма 1991 жылы 6 наурызда Калифорния штатының Хоторн қаласында дүниеге келген. Оның әкесі – ибо текті нигериялық, ал анасы – афроамерикалық және ақ нәсілді канадалықтардың аралас ұрпағы. Ол ешқашан әкесін кездестірмеген және балалық шағын Хоторнда өткізіп, 17 жасында Ладера-Хайтсқа қоныс аударды.
Жеті жасында ол CD қаптамаларынан мұқабаларды алып, өз ойындағы альбомдарына мұқаба жасап, әндердің ұзақтығын белгілейтін, бірақ әлі музыка жазуды білмейтін. 14 жасында өз бетінше фортепианода ойнауды үйренді. Ол 12 жылдық мектеп оқуында Лос-Анджелес пен Сакраментоның әртүрлі аймақтарындағы 12 түрлі мектепте білім алды.
Сегізінші сыныпта Тайлер драма үйірмесіне қабылданғанымен, тым құмарлығы үшін одан шығарылды. Тоғызыншы сыныпта ол музыкалық ансамбль класына қосылғысы келді, бірақ ноталарды оқи алмауына байланысты оған рұқсат берілмеді. Тайлер FedEx-те екі аптаға жетпейтін уақыт жұмыс істеді, ал Starbucks-те екі жылдан астам қызмет атқарды. Ол өз сахналық лақап атын MySpace-те шығармашылық жұмыстарын жариялау үшін қолданған парақшасынан алды.
Мансабы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Тайлер 2007 жылы Odd Future баламалы хип-хоп ұжымының тең құрылтайшысы атанды, онымен бірге Hodgy, Left Brain және Casey Veggies жұмыс істеді. Олар 2008 жылдың қарашасында өздерінің алғашқы The Odd Future Tape микстейпін дербес шығарды. 2009 жылы 25 желтоқсанда Тайлер өзінің алғашқы жеке микстейпі Bastard альбомын шығарды. Бұл микстейп 2010 жылдың ең үздік альбомдарының ішінде Pitchfork Media-ның нұсқасы бойынша 32-ші орынды иеленді.
2011 жылдың 11 ақпанында Тайлер Yonkers әніне музыкалық бейнебаян шығарды. Бұл видео бірнеше интернет-басылымдардың назарын аударды. Әннің үшінші шумағы бар ұзартылған нұсқасы iTunes-те қолжетімді болды. MTV Video Music Awards 2011 марапатында Тайлер Yonkers әнімен «Үздік жаңа орындаушы» атағын жеңіп алды.
2011 жылдың басында Тайлер музыка индустриясының бірнеше өкілдерінің, соның ішінде Стив Рифкинд, Джимми Айовайн, Рик Росс және Jay-Z-дің назарын аудартты. Odd Future ұжымы 2011 жылдың сәуірінде Red Distribution/Sony-мен келісімшартқа отырды.
Тайлердің дебюттік студиялық альбомы Goblin 2011 жылдың 10 мамырында жарық көрді. Ол Late Night with Jimmy Fallon шоуында Hodgy Beats-пен бірге алғаш рет телеарнада өнер көрсетті. mtvU Woodie Awards 2011 шарасында Yonkers және Sandwitches әндерін орындады, оған Odd Future-дың басқа да мүшелері қосылды.
2011 жылдың басында Тайлер Formspring парақшасында өзінің екінші альбомының атауы Wolf болатынын және 2012 жылдың мамырында шығатынын жариялады. Сол жылы Odd Future өздерінің Loiter Squad атты телешоуын бастамақ болды. 2011 жылдың 8 қыркүйегінде шоу 15 минуттық тікелей эфирлік бағдарлама ретінде бекітілді. Оны Dickhouse Productions продюсерлік серіктестігі өндіруді жоспарлады.
Жеке өмірі
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Оконма өзін атеист ретінде сипаттаған және оның Bastard пен Goblin[1][2] альбомдарында айқын дінге қарсы мәтіндер кездеседі.
Ол 2002 жылдан бері скейтбордингпен айналысып, BMX велосипедтерін жинаумен әуестенеді [3][4][5][6].
Оның жыныстық бағдарына қатысты көптеген пікірталастар болды. Ол ән мәтіндері мен сұхбаттарында бірнеше рет бір жынысты қарым-қатынастарға сілтемелер жасаған.[7][8][9]
Оконма астмамен ауырады[10]. Ол сахнада ингалятор пайдаланған бірнеше рет байқалған[11].
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Tyler, The Creator’s Religion and Political Views (ағылш. мақаладан). hollowverse.com. Қол жеткізген күні: 18 ақпан, 2020. 2019 жылы 25 шілде архивтелген .
- ↑ Tyler, The Creator Shares His Thoughts on Religion (27 желтоқсан, 2014)(ағылш. мақаладан). Қол жеткізген күні: 18 ақпан, 2020. 9 қараша, 2020 жылы архивтелген
- ↑ HipHopDX- https://hiphopdx.com. Tyler, The Creator Talks Skateboarding With Tony Hawk. HipHopDX (28 қаңтар, 2012)(ағылш. мақаладан). Қол жеткізілген күні: 18 ақпан, 2020. 2020 жылы 27 қаңтар архивтелген.
- ↑ Tony Hawk interviews Tyler The Creator of Odd Future - Dissent TV. YouTube (ағылш.). Қол жеткізген күні: 18 ақпан 2020. 11 ақпан 2021 жылы архивтелген.
- ↑ Big Willie Style, yeah / Nigga one wheel, one wheel, one wheel / Nigga one wheel, I fishtail downhill, yeah / I rose my rate, brand new brakes / Why I name it Slater? Ask my date (ағылш.). Genius. Қол жеткізген күні: 18 ақпан 2020
- ↑ Tyler, The Creator (Ft. Frank Ocean) – Slater (ағылш.). Қол жеткізген күні: 18 ақпан 2020. 9 ақпан 2021 жылы архивтелген
- ↑ Tyler the Creator has been 'coming out' as gay or bisexual for years and no-one cared (ағылш.). The Independent (11 шілде 2017). Қол жеткізілген күні: 18 ақпан 2020. 5 маусым 2020 жылы архивтелген.
- ↑ Daisy Murray. Tyler The Creator Is The Latest Male Celebrity To Reveal He's Bisexual (ағылш.). ELLE (17 тамыз 2017). Қол жеткізілген күні: 18 ақпан 2020. 1 ақпан 2018 жылы архивтелген.
- ↑ Tyler the Creator Likes Girls But 'Ends Up F**king Their Brother' (ағылш.). www.out.com (20 қараша 2019). Қол жеткізілген күні: 18 ақпан 2020. 26 қаңтар 2021 жылы архивтелген.
- ↑ Punk'd (Season 9) | Ep. 4 | Tyler, The Creator | MTV. web.archive.org (22 сәуір 2012)(ағылш.). Қол жеткізу күні: 18 маусым 2021. 22 сәуір 2012 жылы архивтелген.
- ↑ Tyler, The Creator - EARFQUAKE / NEW MAGIC WAND (Live at the 2020 GRAMMYs)(ағылш.). Қол жеткізген күні: 18 маусым 2021. 15 маусым 2021 жылы архивтелген.
| ||||||||||||||