Зарафшан
| Қала | |||||
| Зарафшан | |||||
| өзб. Zarafshon | |||||
| | |||||
| Әкімшілігі | |||||
|---|---|---|---|---|---|
| Ел | |||||
| Облысы | |||||
| Хәкімі |
Назирбек Рахманов | ||||
| Тарихы мен географиясы | |||||
| Координаттары |
41°34′ с. е. 64°12′ ш. б. / 41.567° с. е. 64.200° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°34′ с. е. 64°12′ ш. б. / 41.567° с. е. 64.200° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
| Құрылған уақыты | |||||
| Қала статусы | |||||
| Орталығының биiктігі |
400 ± 1 м м | ||||
| Уақыт белдеуі | |||||
| Тұрғындары | |||||
| Тұрғыны |
▲ 85 100 адам (2019) | ||||
| Ұлттық құрамы | |||||
| Конфессиялар | |||||
| Ресми тілі | |||||
| Сандық идентификаторлары | |||||
| Телефон коды |
+998 79 | ||||
| Пошта индексі |
210300 | ||||
Зарафшан шекарасы
| |||||
Зарашфан — Өзбекстанның Науаи облысындағы қала. Ол Қызылқұм шөлінде ірі алтын мен уран кен орындарының маңында орналасқан. Халық саны — 70 мыңнан астам. Тамдытау тауларының батыс беткейінде, Науаи-Үшқұдық тас жолының бойында орналасқан.[1]
Табиғаты
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Жартылай құмды, жартылай тасты аумақ Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығында орналасқан. Онда тек вегетациялық кезеңі қысқа өсімдіктер, жазғы ыстыққа (30°C дейін) және өте аз жауын-шашынға төтеп бере алатын шырынды түрлер ғана дами алады. Шөл жануарлары – дала мысықтары, жарқанаттар және көптеген улы жыландар және кесіртке. Негізінен жазық шөлді рельефте тегіс шыңдары, тік жартас беткейлері бар оқшауланған аздаған таулар бар. Олар тақтатастардың, әктастардың, граниттердің, палеозой жыныстарынан тұрады.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Зарафшан — шағын қала. Халық саны бойынша өз елінде 29-шы орында (Өзбекстан), облыста 2-ші орында (Науаи облысы). Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 6695 орын.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Мұрынтау (33 км), Үшқұдық (83 км).[2]
Тарихы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Қаланың негізі Өзбек КСР-і кезінде алтын өндіру мақсатында қаланған. Ол кезеңдерде Мұрынтау кен орнында өндірілетін алтын бүкіл КСРО аумағында өндірілетін алтынның жалыпы көлемінің 30 пайызын құрады.
1965 жылы Самарқаннан шыққан геологиялық-барлау тобы Бұқантау, Тамдытау және Мұрынтау таулары аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.
Аймақта алтын және уран кен орындары табылғаннан соң, үкімет тарапынан Қызылқұм аймағын дамыту жайлы қаулы қабылданды. Осы уақыттан қаланың даму тарихы басталды. Бүкіл Одақ аймақтарынан кен орындарын игеру үшін жұмысшылар тартыла бастады.
Спорт
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Соңғы жылдары көптеген спорт жарыстары өткізіліп келеді. Мәселен, 2003 жылы Пауэрлифтинг бойынша Азия біріншілігі, 2004 жылы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты, желкенді спорт бойынша ТМД елдері арасында өткен халықаралық жарысы және т.б.спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылған. Тек 2004 жылы ғана Зарашфанда түрлі дәрежедегі 150 спорттық шаралар өткізілген.
Өнеркәсібі
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- "НГМК" (Алтын өндіру және өңдеу) мемлекеттік кәсіпорны;
- "Amantay Gold Fields" (Алтын өндіру және өңдеу);
- "Поток" АҚ(ет-сүт өнімдері);
- Эмульсиялық-жарылғыш заттар өндіретін зауыт.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Қалада Әмудариядан келетін су құбыры (шамамен 250 шақырым құбыр), кеңестік кезеңдегі сәулет жобалары бойынша жақсартылған 12 тұрғын үй, мәдени (мәдениет үйі, шығармашылық орталықтары), спорттық (стадион, бассейн, спорт залдары мен спорт кешендері), сауда (дүкендер, базарлар, сауда орталықтары), медициналық және басқа да мемлекеттік мекемелер мен бақтар бар.
Зарафшан — қай жағынан алғанда да гүлденген қала. Алтын өндіру өте жоғары табыс әкеледі. Әлеуметтік салаға қыруар қаржы жұмсалады. Бұл қаланы Қызылқұм шөлдеріндегі нағыз оазиске айналдыруда.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 1 қыркүйек 2025.
- ↑ Зарафшан. Тексерілді, 1 қыркүйек 2025.
- ↑ Өзбекстан. Навои облысы. Тексерілді, 1 қыркүйек 2025.
| ||||||
